Malim.kz
Саясат

Қазақстанның Иранмен арадағы бірқатар жобасы уақытша тоқтады

Сабина Асқарқызы
Kazinform

Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Иранмен арадағы бірқатар жобаларды іске асыру уақытша тоқтап қалғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Қазір ол өңірде жағдай өте күрделі. Дәл қазір сол өңірдегі соғыс жағдайына байланысты Иранмен арадағы біраз жоба уақытша тоқтап қалды. Бұл ретте біздің бизнес пен кәсіпкерлер аталған мәселенің шешілуін күтіп отыр деп ойлаймын, - деді И. Исетов Сенатта тілшілер сұрағына жауап беру барысында. 

Осы орайда ол тоқтап қалған бағыттардың арасында астық жеткізілімін, сондай-ақ азық-түлік тауарларының өзара саудасы бойынша жобаларды ерекше атап өтті.

Қазақстан үлкен шығынға ұшырап отырған жоқ, өйткені бұл тауарлар бойынша сауда көлемі елдегі экономикалық жағдайға тікелей әсер етті деп айтуға келмейді. Дегенмен, Иранмен серіктестік қарым-қатынасымыз жақсы екенін ескерсек, әрине, әсері бар. Бірақ бұл көлем соншалықты ауқымды емес, - деді министрлің орынбасары.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары