Malim.kz
Саясат

Қазақстанның сыртқы қарызы 17 млрд долларға жеткен

Айбын Атабай
Kazinform/Freepik

Қазақстанның мемлекеттік сыртқы қарызы 17 млрд долларды құрайды. Бұл жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 4,5 пайызына тең. Бұл туралы Мәжілісте Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді деп хабарлайды Malim.kz Baq.kz сайтына сілтеп. 

Министрдің айтуынша, қазіргі мемлекеттік сыртқы қарыз деңгейі айтарлықтай төмен көрсеткіш саналады.

Бүгінде Қазақстанның сыртқы қарызы 17 млрд доллар. Ол ЖІӨ-нің 4,5%-ы. Ол айтарлықтай төмен, – деді Мәди Такиев.

Сондай-ақ министр квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыздары бойынша мемлекет жауапкершілік көтермейтінін атап өтті.

Ал қалған қарыздарға мемлекет жауап бермейді. Бізде оларға мемлекеттік кепілдік жоқ, – деді ол.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары