Malim.kz
Экономика

Қазақстанның халықаралық резервтерінде қанша алтын қоры бар?

Сабина Асқарқызы
egemen.kz

Қазақстанның халықаралық резервтеріндегі монетарлық алтын көлемі сәуір айында өсім көрсетіп, 52,7 миллиард долларға жетті. Бұл наурыз айымен салыстырғанда 1,8%-ға жоғары, деп хабарлайды Malim.kz.

Жыл басынан бері алтын қоры 11,5%-ға артса, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 1,7 есеге көбейген. Сонымен қатар елдің жалпы халықаралық резервтері де қайта өсім көрсетіп, сәуірде 1,5%-ға ұлғайып, 67,8 миллиард долларға жетті. Наурыз айында бұл көрсеткіш 9%-ға төмендеген еді.

Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері сәуір айында 3,9%-ға өсіп, 62,8 миллиард долларды немесе шамамен 30 триллион теңгені құрады. Жыл басынан бергі өсім 1,5% болды. Ал наурыз айында бұл көрсеткіштер керісінше төмендеу көрсеткен еді.

Резервтік қорлардың жалпы көлемі де артқан. Сәуір айының қорытындысы бойынша олар 1,1%-ға өсіп, 14,91 триллион теңгеге жетті. Оның ішінде банк депозиттерінің үлесі 0,4%-ға көбейіп, 8,5 триллион теңгені құрады.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары