Malim.kz
Спорт

Қазақтың дзюдошы қызы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Сабина Асқарқызы

Таиланд астанасы Бангкокта басталған дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ғалия Тынбаева (-48 кг) қола медаль үшін белдесуде Токио Олимпиадасының қатысушысы Линь Чэнь-Хаоны (Тайпей) жеңді.

Айта кетейік, Тынбаева биылғы чемпионатты 2-айналымнан бастап, Вьетнам және Таиланд дзюдошысын жықты. Ал жартылай финалда жапон спортшысына жол берді.

Алда әлі 3 отандасымыз - Шерзод Давлатов, Нұрәділ Әлжан мен Ержан Еренқайыпов қола жүлдеге таласады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары