Malim.kz
Экономика

"ҚазМұнайГаз" компаниясы қызметкерлерінің 10%-ын қысқартып тастады

Айбын Атабай
Фото: ҚазМұнайГаз АҚ

"ҚазМұнайГаз" компаниясының орталық кеңсесі жұмыс күшін оңтайландыру бағдарламасы аясында 47 қызметкерді жұмыстан шығарды. Бұл туралы ұлттық компанияның басқарма төрағасы Асхат Хасенов Үкіметте өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Stan.kz сайтының жазуынша, компания бас директоры орталық кеңсе қызметкерлерінің 10%-ы жұмыс күшін қысқартудан зардап шеккенін айтқан.

"10 пайыз дегеніміз 47 адам", – деп түсіндірді Хасенов.

Журналистер жұмыстан шығарылған қызметкерлерге әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған ба және өтемақы төлемдері туралы сұрады.

Жауап ретінде "ҚазМұнайГаз" басшысы барлық процедура қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Барлығы еңбек заңнамасы мен нақты еңбек шарттары аясында жүзеге асырылып жатыр", – деді Хасенов.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары