Бұған дейін ҚазТАГ басышларының үстінен қылмыстық із қозғалғанын хабарлаған болатынбыз. Олардың айтуынша, Freedom Finance банкінің арызы бойынша тергеу сырттарынан жүргізілген. Ал өздерінің істі екеін БАҚ бетерінен бір-ақ білген.
Бүгін, ҚазТАГ сайтында сол ресурстың бас редакторы Әмір Қасенов осы қылмыстық іс туралы жазба жариялады. Әмір Қасенов ол жазбасында өзін Freedom Finance банкінің қожасы Тимур Турловпен беттестіруді талап еткенін айтыпты. Ол мұндай өтінішті өзінің адвокаты Ерлан Макенов арқылы берген екен.
Әмір Қасенов сонымен бірге, өзінен және басылымның бас директоры Әсет Матаевтан банк тарапынан талап етілетін соманы жариялай алмайтынын жазыпты. Ол құпия туралы қолхатқа қол қойған екен. Алайда, соманың үлкендігі сондай,оны "бірнеше банан республикасының бюджетімен салыстыруға келеді" депті.
Сонымен бірге, Әмір Қасенов Ішкі істер министрлігінің шенеунігі уәде бергенін жазыпты. 20 қараша күні жасырын түрде қозғалған қылмыстық іс туралы білген кезде, ішкі істер министрі маңындағы жоғары лауазымды қызметкер бұл істі - «ештеңе емес», «ҚазТАГ-ты қудаламайды», «іс жабылады» деп, «шу көтермей-ақ қойыңыздар, бәрі заң аясында болады» деп уәде берген көрінеді.