Қазақстандық балуан Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.
Қалмағамбетов финалда Беларусь өкілі Михаил Марковскийді 13:7 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Бұл - Қазақстан құрамасының Братиславадағы әлем чемпионатындағы алғашқы медалі.