Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Эльмира Төлегенова сот барысында айтқан тергеу кезіндегі қысым туралы мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.
14 сәуірде өткен сот отырысында Төлегенова өзіне және жұбайы Ерболат Жанәбіловке тергеу кезінде қысым жасалғанын айтқан еді. Оның сөзінше, оларды қорқытып, мүлкін тәркілеу және Instagram парақшасын өшірумен бопсалаған. Сонымен қатар блогер тергеуші олардың сайтының әзірлеушісінен 15 миллион теңге талап еткенін де мәлімдеді.
Ал ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі бұл айыптауларды тексеріп жатқанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, күдіктілер барлық тергеу әрекеттеріне қорғаушының қатысуымен қатысқан.
Соталды тергеу барысында және іс материалдарымен танысу кезінде қысым көрсету немесе қоқан-лоқы жасау фактілері бойынша Агенттікке, прокуратураға немесе сотқа ешқандай шағым түскен жоқ, – делінген хабарламада.
ҚМА өкілдері барлық тергеу әрекеттері кезінде аудио және бейнежазба жүргізілгенін атап өтті.
Қазіргі уақытта Эльмира Төлегенованың айтқан уәждері тексеріліп жатыр. Оларға тиісті құқықтық баға беріледі, – деп мәлімдеді агенттік.