Malim.kz
Құқық

Қоғамдық бірлестік жетекшісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

Malim Админ

Тергеу мәліметінше, күдікті шетелде сотталған Қазақстан азаматтарын босатуға көмек көрсету мақсатында халықтан жиналған қаражатты иемденіп алған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 


Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді. 

Фото: pixabay.com


 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары