Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендеді.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,8 теңгеге түсіп, 487,76 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 488,59 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 485,00 теңгеден сатып алынады, 492,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 562,00 теңге, сату — 573,45 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,50 теңге, сату — 6,80 теңге.
— юань: сатып алу — 68,83 теңге, сату — 73,91 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 488,07 теңгеден сатып алынады, 490,07 теңгеден сатылады. Еуро 562,73 — 568,98 теңге, ал рубль 6,55 — 6,67 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 70,39 теңгеден сатып алынады, 72,99 теңгеден сатылады.