Malim.kz
Шоу-бизнес

Qoslike-тың экс қатысушысы iPhone 18 үшін ақша жинады деген сынға жауап берді

• Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: malim.kz

Qoslike жобасының бұрынғы қатысушысы, тиктокер Диана Бауыржанқызы тікелей эфирде iPhone 18 алу үшін көрермендерінен ақша жинады деген сынға жауап берді, деп Malim.kz тілшісі qazaqstan.24 парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін желіде оның эфирінен үзінді тараған. Онда Диана Бауыржанқызының телефон алуға ақша сұрағаны айтылып, әрекеті қызу талқыланды. Бірі мұны орынсыз деп санаса, енді бірі көрермендер ақшаны өз еркімен жібергенін жазды.

Диана Бауыржанқызы Instagram парақшасындағы сторисінде эфирде қалжыңдағанын түсіндірді. Оның айтуынша, көрермендер 100–200 теңгеден жіберген, ал өзі ешкімнен көмек сұрамаған.

"Кеше TikTok-та тренд көріп, қызық үшін эфирде карта нөмірімді қойып: "iPhone 18 хочу, оқырмандарым алып берсін", – деп қалжыңдап отырғанмын. Адамдар 100–200 теңгеден жіберіп, өзіміз күліп, әңгіме айтып отырдық", – деп жазды ол.

Тиктокер жұртты эфирдің қысқа үзіндісіне қарап қорытынды жасамауға шақырды. "Мен ешкімге "ақша жіберіңдер", "жағдайым қиын" деп көмек сұраған жоқпын", – деді ол.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары