Ақмола облысындағы Қосшы қаласында орналасқан спорт кешендерінің бірінде 10 жастағы қыз көз жұмды. Қайғылы оқиға жаттығу барысында болған, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметке сәйкес, сабақ кезінде баланың жағдайы кенеттен нашарлаған. Спорт кешеніне жедел жәрдем шақырылғанымен, келген медицина қызметкерлері баланың өмірін сақтап қала алмаған.
Ақмола облысының полиция департаменті оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Тиісті тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатыны айтылды.