Бүгін Қосшы қаласында ет дүкенінің шатырынан өрт шықты деп хабарлайды Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды Malim.kz.
Құтқарушылардың арқасында өрттің таралуына жол берілмей, 6 шаршы метр аумақтағы өрт (жалпы аумағы 300 шаршы м) толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Ақмола облысы ТЖД тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.