Malim.kz
Оқиға

Қосшыдағы сұмдық жағдай: пакетте нәресте денесі табылды

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласында жекеменшік тұрғын үйлер орналасқан аудандардың бірінде жол жиегінен ішінде шала туған нәрестенің мәйіті бар пакет табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жүктілік мерзімі шамамен 6–7 ай болған. Қазіргі уақытта мамандар нәрестенің өлі туғанын немесе туғаннан кейін шетінеп кеткенін анықтап жатыр.

nayza_kokshe дерегінше, оқиғаның барлық мән-жайын полиция қызметкерлері мен медицина мамандары жан-жақты тексеруде.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Тергеу барысында оқиғаның себеп-салдары толық анықталмақ.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары