Malim.kz
Құқық

Қостанай облысында бас бухгалтер мемлекеттік бюджетті алты жыл бойы ұрлаған

• Malim Админ

Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуратурасы мемлекеттік мекеме бас есепшісінің бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол 6 жыл бойы бюджетті үнемдеуден түскен қаражатты өзіне заңсыз аударған.

Сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, артық аударылған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 12,3 миллион теңге.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Тергеу барысында күдікті келтірілген шығынды толық көлемде өтеді.

Сот үкімімен уәкілетті тұлға 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Фото: интернеттен

Malim Админ
Автордың басқа материалдары