Malim.kz
Оқиға

Қостанай облысында дизель толы автоцистерна өртеніп кетті

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Қостанай облысының Успеновка ауылындағы ЖШС-нің бірінің ашық аумағында автоцистернадан жерүсті резервуарға дизель отынын айдау кезінде өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте от автоцистерна мен резервуарды толық шарпыған еді.

«Өрт сөндірушілердің кәсіби іс-қимылдарының және ауа-механикалық көбікті тиімді пайдаланудың нәтижесінде өрт толық сөндірілді.

Оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары