Malim.kz
Оқиға

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам көз жұмды

Айбын Атабай
Көрнекі фото әлеуметтік желіден

Қостанай облысында тасжолда төрт адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеп. 

Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, апат Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тасжолының 106-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-Benz 200 автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, ВАЗ 2107 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соққы салдарынан төрт адам қаза тапты. 

"Апат дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары