Malim.kz
Оқиға

Қостанайда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, жүргізушілер ауруханаға жеткізілді

Сабина Асқарқызы
Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қостанайда жолаушылар автобусы мен Toyota Alphard автокөлігі соқтығысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, автобус жүргізушісі кері бұрылу кезінде жол қозғалысы талаптарын сақтамай, Toyota Alphard көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан екі көлік соқтығысқан.

Оқиға салдарынан автобус жүргізушісі мен жеңіл көлік тізгіндеген азамат медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, апат кезінде автобуста жолаушылар болмаған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтау үшін тиісті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, әсіресе жылдамдық режиміне мұқият болу қажеттігін ескертті.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары