Malim.kz
Оқиға

Қостанайда бір топ жігіт полицейді ұрып кетті

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Шабуыл сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерге тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Кадрларда үш адамның формадағы қызметкерге шабуыл жасап, соққыға жыққаны көрінеді. Полицей жерге құлағаннан кейін де оны тепкілей берген.

Оқиға ескерту жасаудан басталған. Полицей компаниядан тыныш жүруді сұраған. Жауап ретінде үшеуі оған жұдырық ала жүгірген. Мәлімет бойынша, полицейдің жанында балалары да болған.

Балалар зардап шеккен жоқ. Қызметкер қазір амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

«Барлық шабуыл жасағандар анықталып, ұсталды. Билік өкіліне шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әрбір кінәлі толық көлемде жауапкершілікке тартылады», — деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаменті.

Бұған дейін Астанада Есіл ауданы полиция қызметі бастығының орынбасары Әли Әбетаев өз бастығы Сәкен Ноғаевты мекеме маңында соққыға жыққаны туралы жазған едік.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары