Malim.kz
Оқиға

Қостанайда мас адам дәрігердің көлігін рұқсатсыз мініп кеткен

Malim Админ

Оқиға 19 қыркүйекке қараған түні болған. Жәбірленуші бірден полицияға хабарласқан. 

Полиция дереу арады көлік ұрлаған күдіктіні іздеуге кіріскен. Нәтижесінде, 39 жастағы азамат ұсталды. Оның ішімдік ішкені анықталды. Заң талабын орындамай, медициналық тексеруден бас тартқан оны 15 тәулікке қамады. Сонымен бірге, мас күйінде көлік жүргізгені үшін ол 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Оның сыртында, көлік ұрлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Заң бойынша күдікті 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Фото: polisia.kz

Әзірлеген - Айкөркем Сағат

Malim Админ
Автордың басқа материалдары