Malim.kz
Сұқбат

Қостанайда ресейлік энергетикалық сусындар сатылымнан алынды

Айшолпан КЕРІМ

Қостанай облысында ресейлік энергетикалық сусындар сатылымнан алынды. Санитар-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Flash up energy» және «Monster Energy» энергетикалық сусынында натрий бензоатының (Е211) артқанын анықтаған.

Аталған  сусындарды өндіруші — «Балтика» (Ресей) және «Refresco Benelux B.V» (Нидерланды).

«Өнімдер партиясы сатылымнан шығарылды, ал жеткізушіге ішімдіктерді сату айналымынан алып тастау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды» , — делінген комитет хабарламасында.

Айшолпан КЕРІМ
Автордың басқа материалдары