Malim.kz
Оқиға

Қостанайда салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді

Сұлу Бөлек

Қостанайда салмағы шамамен 7 келі, бойы 60 сантиметрден асатын алып сәби дүниеге келді, - деп жазады Malim.kz сайты.  

Жаңа туған нәрестеге ата-анасы Рауан деген есім қойды. Ол - отбасындағы үшінші бала әрі жалғыз ұл. 

"Мұндай жүктілік мамандардан ерекше назар аударуды қажет етеді. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Баланың анасы БАҚ өкілдеріне аты-жөнін айтқысы келмеді, бірақ перинаталдық орталық қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі, өзіне және ұлына қамқорлық танытқаны үшін алғысын білдірді", – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Фото: instagram.com/oblbolkst

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары