Айтыскер ақын, мәдениет саласының үздігі Салтанат Өтелбаева мен жұбайы Мырзабек Қасымов жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.
Жан түршігерлік оқиға Атбасар мен Есіл қалаларының арасында болған.
"Жалғыз ұлы таңғы 9-да "аға, ата-анамнан айрылып қалдым" деп хабарласты. Бүгін қызы мектепті үздік бітіріп, қызыл аттестатын алатын күні еді. Үлгеремін деп асықты ма екен, Астанадан таңғы 4-те жолға шығып кетіпті", - деп жазды марқұмның әріптесі Марғұлан Оспанов.
Ыбырай Алтынсарин музейі басшысының орынбасары қызметін атқарған Салтанат Өтелбаева бірнеше жыл мәдени мұраны сақтап, дәріптеуге үлес қосты. Оның басшылығымен музейде бірқатар маңызды жоба, көрмелер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары табысты жүзеге асырылған еді.