Malim.kz
Спорт

Қуат Хамитов Атыраудағы жекпе-жегі алдында әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Сабина Асқарқызы
Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Атырауда түсірілген даулы бейнежазбадан кейін жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода бойжеткеннің көлік терезесінен шығып, қозғалыс кезінде спортшымен сөйлесіп отырғаны байқалады. Сондай-ақ Қуат Хамитовтың қауіпсіздік белдігін тақпағаны да анық көрінеді.

Аталған бейнежазба әлеуметтік желілерде кең таралып, қоғамда қызу талқылауға түскен.

Атырау облыстық полиция департаменті мәліметінше, видео 23 мамыр күні Атырауда «Жайық» спорт кешенінде өтетін Batyr Fighting Championship турниріне арналған жарнамалық түсірілім кезінде жасалған.

Жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі бойынша Toyota Camry көлігіндегі жолаушыларға да, көлік жүргізушісіне де әкімшілік шара қолданылған. Олар қауіпсіздік белдігін тақпау және қозғалыс кезінде көліктен денені шығару фактілері бойынша жауапқа тартылды.

Сонымен қатар Mustang көлігінің жүргізушісі де қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарғаны үшін әкімшілік жаза алған.

Құқық қорғау органдары жол қозғалысы қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырды.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары