Malim.kz
Спорт

Қуат Хамитов отандық футболшыны жекпе-жекке шақырды

Сабина Асқарқызы

ММА өкілі Қуат «Найман» Хамитов Қазақстан құрамасының футболшысымен төбелесуге ниет білдірді, деп хабарлайды Mailm.kz.

Егер менде футболшымен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік болса, онда Исламбек Қуатты таңдар едім. Ол маған бір рет хабарласып, екеуміз сөйлескенбіз. Бірақ не туралы сөйлескенімізді айтпай-ақ қояйын. Одан да оның өзінен сұрағандарыңыз жөн болар, - деді ол.

Соған қарағанда, екеуара әңгімелесуде кикілжің туындаған тәрізді.

Хамитовтің бұл сөзінен соң оны желіде сынап жатқандар көп.

Естеріңізде болса, ол жақында ғана Ресейде жергілікті ардагер-файтер Александр Шлеменкоға есе жіберген болатын.

Ол футболшыларға қатысты өткір сөздерімен де танымал.

Ал Исламбек Қуат — «Астана» клубы сапында ойнайтын жартылай қорғаушы.

Фото: ©instagram.com/kuat__khamitov

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары