Malim.kz
Оқиға

Құлсарыда анасы мен баласын көлік қағып кетті

Айбын Атабай
Kazinform

Оқыс оқиға 5 қараша күні кешке Атырау облысындағы Құлсары қаласында Махамбет даңғылы мен Сырым Датов көшесінің қиылысында болған. Бұл туралы Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz  хабарлайды.   

Полицияның мәліметінше, әйел баласымен бірге жолды рұқсат етілмеген жерден өткен кезінде оларды Hyundai автокөлігі қағып кеткен.

Жарақат алғандарға медициналық көмек көрсетілді, қазір тексеру жүргізілуде.

Полиция тұрғындарға жолды тек белгіленген жерден өтуге және рульде мұқият болуға шақырады.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары