Malim.kz
Оқиға

Құлсарыда жанармай құю бекетіндегі жарылыстан 2 адам мерт болды

Арман Қайыпхан

Атырау облысы әкімдігінің мәліметінше, 30 мамырда жанармай құю бекетінде газ-ауа қоспасы жарылып, артынша өрт болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Сол маңдағы бір қабатты үш ғимарат, жанармай құю бекеті және екі қабатты ғимарат жанып кеткен. 

Құтқарушылар өртті сөндіріп жатыр.  

Қауіпті аймақтан адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.

Алдын ала мәлімет бойынша, 14 адам зардап шекті, оның екеуі көз жұмған. 

Өрттің себебі анықталуда.

Фото: видеодан кадр

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары