Malim.kz
Оқиға

Құлсарыдағы жарылыс: жарақат алғандар арасында балалар да бар

Арман Қайыпхан

Құлсарыдағы жанармай құю бекетіндегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белігілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Құлсары қаласындағы "Ниет" жанармай құю бекетінде болған жарылыстан кейін 14 адам ауруханаға жеткізілді. Оның төртеуі бала.

Бастапқы тексеру мен қажетті диагностикалық шаралардан кейін 10 науқас ауруханаға жатқызылып, 4 адам амбулаторлық бақылауға жіберілген. Қазір ауыр хәлде, жансақтау бөлімінде жатқан науқастар жоқ.

Ауруханаға жатқызылғандардың ішінде 7 адамның жағдайы орташа ауырлықта, 3 науқастың жағдайы тұрақты.

Фото: видеодан кадр

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары