Malim.kz
Саясат

Құлыбаевтың орнына Баталов келді

Айшолпан КЕРІМ

Райымбек Баталов “Атамекен” ҰКП төрағасы болып сайланды.
Бүгін Ұлттық палата "Атамекен" ҚР ҰКП IX кезектен тыс съезі өтті.

Күн тәртібінде ұлттық палатаның қызметін реформалау, кәсіпкерлікті дамыту сынды басқа да өзекті мәселелер қаралып, палатаның жаңа төрағасы анықталды. Қызметке бірауыздан Райымбек Баталов бекітілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Атамекен" ҰКП төрағасы қызметін Тимур Құлыбаев атқарған болатын. Ол 2013 жылдың қыркүйегінен бастап 2022 жылдың 17 қаңтарына дейін осы қызметте болды.

Айшолпан КЕРІМ
Автордың басқа материалдары