Malim.kz
Шоу-бизнес

Құран сүресінен рэп оқыған блогер жігіттерден қандай сыйлық алғанын айтты

• Сабина Асқарқызы

Juzzefina атымен көпшілікке танылған блогер қалталы азаматпен бірге болуды армандап, өзін жақсы көрген азаматтардан қандай сыйлық алғанын айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ең қымбат сыйлығым – Умра қажылығына жолдама болды. Сосын бір жігітім маған «собольдан» жасалған тон ал деп 3 млн теңге берді. Басқа бір жігітім көлік дөңгелегін сыйлады, ал тағы біреуі «мен хабарласқанда, үнемі жауап берші» деп Apple сағатын сыйлады, — дейді ол.

Дегенмен блогердің талғамы өзгеріп, байлыққа қызықпайтын болып кеткен.

Ол жылдары мен кәдімгідей көрсеқызар болатынмын. Ал қазір жігіттің ақшасы, дүниесі қызықтырмайды. Қазір маған тек ақылы бар жігіттер ұнайды, — деді ол.

Фото: видеодан кадр

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары