Malim.kz
Саясат

Құрылтай депутаттығынан үміткерді партиялық тізімнен кім шығарып тастай алады?

Айгүл Таңатар

Бұл сұраққа қатысты шешім қабылдайтын орган - Орталық сайлау комиссиясы.

Партиялық тізімдегі үміткер өз қалауымен сайлауға қатысудан бас тарта алады. Ол үшін ОСК-ге жазбаша өтініш беруі тиіс, деп хабарлайды Malim.kz. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісовтің мәлімдеуінше, аталған таңдау сайлауға екі күн қалғанға дейін нақтылануы керек. Әйтпесе кеш болады.

Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтетіні белгілі. Партияларды тіркеу 23 шілде күні кешкі алтыға дейін жалғасады.​

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары