Malim.kz
Саясат

Құрылтай съезі «Әділет» партиясының бағдарламасын бекітті

Айбын Атабай
Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Құрылтай съезінің делегаттары «Әділет» партиясының басшылық және бақылау органдарын сайлады. Астанада өтіп жатқан «Әділет» партиясының құрылтай съезінде жаңа саяси бірлестіктің саяси кеңесінің құрамы таныстырылды. Белгілі болғандай, тізімге 30 адам енді.

Олардың қатарында Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебай, «Қазақтелеком» компаниясының басшысы Бағдат Мусин, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, кәсіпкер Андрей Лаврентьев, «Әділ сөз» қорының жетекшісі Қарлығаш Жаманқұлова және өзге де азаматтар бар.

Съез барысында қатысушылар Айбек Дәдебайды партия төрағалығына ұсыну туралы ұсынысты қолдады.
Өз кезегінде Дәдебай делегаттарға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, бұл шешімді үлкен жауапкершілік деп қабылдайтынын мәлімдеді.
Бұған дейін съезге қатысушылар бірауыздан «Әділет» партиясын құру туралы шешімді қолдап, «Әділетті Қазақстан үшін» атты бағдарламасын бекіткен болатын.

 Құрылтай съезі «Әділет» партиясының бағдарламасын бекітті. Партия бағдарламасында денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және азаматтардың әл-ауқатын арттыру басты бағыттардың бірі ретінде көрсетілді.
Астанада өтіп жатқан «Әділет» партиясының құрылтай съезінде ұйымның ресми бағдарламасы бекітілді.
Құжатта адами капиталды дамыту, заң үстемдігін күшейту, өңірлердің теңгерімді дамуы мен әділетті қоғам құру мәселелері негізгі басымдық ретінде айқындалған.
Құрылтай съезінде саясаттанушы Марат Шибұтов партияның бағдарламалық ұстанымдарына кеңірек тоқталды. Оның айтуынша, ұйым өз жұмысын әділдік, жауапкершілік, нақты әрекет пен институционалдық қағидаттарға негіздемек.
Ең алдымен, бағдарламамыздың ерекшелігіне тоқталған жөн. «Әділет» партиясы өзінің әділдік идеологиясына және жаңа Конституция құндылықтарына сүйенетінін айрықша атап өтеді. Осы арқылы нақты міндеттемелерді өз мойнына алады. Бұл дегеніміз – бағдарлама болашақтың негізіне айналуы тиіс қағидаттарға құрылып отыр деген сөз. Партияның негізгі тіректері ретінде әділдік, отаншылдық, еңбекқорлық, жауапкершілік пен прогресс айқындалған. Мұндағы әділдік – бәріне бірдей мүмкіндік беру, мемлекеттің қоғамға адал қарауы және әр адамның құқығын қорғау дегенді білдіреді. Ал отаншылдық тек елді сүюмен шектелмейді, ол – мемлекеттің дамуы үшін аянбай еңбек етуге дайын болу, - деп атап өтті саясаттанушы.
Айтуынша, еңбекқорлық адал еңбекке құрметпен қарауды және қоғамға пайдасын тигізіп жүрген адамдарды қолдауды білдіреді.
Жауапкершілік дегеніміз – билік те, азаматтар да өз әрекетіне жауап беруі керек. Ал прогресс – алға ұмтылу, жаңғыру және ескірген тәсілдерден бас тарту. Бағдарламада партия қандай құбылыстарға қарсы күресетініне де ерекше назар аударылған. Бұл жағынан олар өздерін көптеген саяси күштерден өзгеше екенін айтады. Мемлекеттік басқару саласында партия жалған белсенділікке, жауапсыздыққа және популизмге қарсы екенін мәлімдеді. Яғни әдемі сөздер мен көзбояушылық шаралардың орнына қоғам нақты нәтижені көруі керек деген ұстаным бар, - деп түсіндірді Марат Шибұтов.
Сондай-ақ ол экономика саласында партия экономикалық жүйе тұтас қоғамның мүддесіне жұмыс істеуі қажет деп есептейді. Әлеуметтік бағытта мемлекет шын мәнінде көмекке мұқтаж жандарды қолдауы тиіс. Сонымен бірге жауапкершілік, еңбек және өз күшіне сүйену мәдениетін қалыптастыру маңызды екені айтылды.
Партия кез келген кемсітушілікке қарсы. Яғни адамдарға әлеуметтік жағдайына, шыққан тегіне, тіліне, жынысына немесе басқа да белгілеріне қарай әртүрлі қарауға жол берілмеуі керек. Қоғамдық салада партия архаизацияға, құқықтық нигилизмге және алауыздықты қоздыруға қарсы күресетінін мәлімдеді. Бұл қоғам заң мен тәртіпке, өзара құрмет пен азаматтық келісімге сүйеніп дамуы керек дегенді білдіреді, - деді спикер.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары