2026 жылғы 28 тамызда өткен Құрылтайдың алғашқы пленарлық отырысында палата төрағасының орынбасарлары сайланып, бір палаталы Парламенттің тұрақты комитеттері жасақталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Құрылтай төрағасының орынбасарлары болып Дания Еспаева, Нұрлан Бекназаров және Динара Закиева сайланды.
Сонымен қатар Құрылтай құрамында сегіз тұрақты комитет құрылып, олардың төрағалары анықталды:
Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті – Серік Егізбаев;
Әлеуметтік-мәдени даму комитеті – Асхат Аймағамбетов;
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті – Үнзила Шапақ;
Қаржы және бюджет комитеті – Ольга Перепечина;
Өңірлер және инфрақұрылымдық даму комитеті – Әмірбек Оспанбеков;
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті – Марат Қожаев;
Цифрландыру және ғылым комитеті – Дархан Ахмедиев;
Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті – Наталья Годунова.