Malim.kz
Оқиға

Құрылыс алаңында бір жұмысшы көз жұмды

Malim Админ

Атыраудағы құрылыс алаңында 2 адам 5-қабаттан құлап кетті. Оның 1-еуі оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Malim.kz. 


Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға 20 қаңтарда болған. 

Күндізгі сағат 11:15 шамасында Атырау қаласында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында екі жұмысшы 5-қабаттан құлағаны анықталды. Оқыс оқиға орнында 43 жастағы ер адам ауыр жарақаттың салдарынан мерт болды. Ал 33 жастағы ер адам түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Қазір аталған оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото:  Үкімет 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары