Malim.kz
Саясат

Қырғыз Республикасына Қазақстанның гуманитарлық жүгі тапсырылды

Malim Админ

5 наурызда Мемлекеттік материалдық резервтен тиелген 1000 тонна дизель отыны ресми түрде Қырғыз Республикасына берілді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

«Гуманитарлық көмек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қолдауымен көрсетілді. 1 000 тонна дизель отынының екінші партиясы Ыстықкөл облысындағы Балықшы станциясына жөнелтілді, - делінген хабарламада.

Тапсыру Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рәпіл Жошыбаев пен Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраевтың қатысуымен жүзеге асырылды.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары