Malim.kz
Шоу-бизнес

Қырғызстан Ақан Сатаевтың «Рэкетир» фильмін көрсетуге тыйым салды

Сабина Асқарқызы

«Рэкетир: Жаңа заман» фильмі бүкіл Қырғызстан аумағында прокаттан алынды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Құрметті көрермендер, «Рэкетир: Жаңа заман» фильмі елдегі барлық кинотеатрлардан алынды. Билеттердің ақшасын қайтару үшін кинотеатр әкімшілігіне немесе кері байланыс қызметіне жүгінулеріңізді сұраймыз», – деп хабарлады Қырғызстандағы кинотеатрлардың ресми парақшасы.

Фильмді режиссер Ақан Сатаев 2024 жылы түсірген. Кинокартина түрмеде жазасын өтеп, бостандыққа шыққан Саянның тағдырының жалғасын баяндайды.

Фото: instagram.com/akansatayev

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары