Malim.kz
Спорт

Қырғызстан бокстан тұңғыш рет Олимпиада финалына шықты

Сабина Асқарқызы

Қырғыз боксшысы Мұнарбек Сейітбекұлы Париж олимпиадасының финалына шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

57 келіде бокстасатын қырғыз былғары қолғап шебері жартылай болгариялық Хавьер Диаз Иванезді 4:1 есебімен жеңіп, алтынға таласуға мүмкіндік алды.

Енді ол финалда өзбек Абдумалик Халоковпен алтынға таласады. 

Қырғызстан бокстан алғаш рет олимпиада финалына шықты. Айта кетерлігі, қырғыз елінен Парижге боксшылардан тек осы Мұнарбек Сейітбекұлы келген.

Фото: 24.KG

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары