Malim.kz
Экономика

Қыркүйекте арендалық 336 пәтердің құрылысы аяқталады

Руслан ЕРБОТА

Шымкенттің Әкімшілік іскерлік орталығындағы 56 пәтерлі 9 қабатты үйдің  құрылысын бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов қадағалап шықты.

Мұндағы тұрғын үйлерді «Атамекен Корпорациясы» және «Югстройсервис-Н» мекемелері салып жатыр. Көпқабатты 3 үйдің құрылысы маусым айында, қалған 3 үйдің құрылысы қыркүйек айында аяқталмақ.

Жалпы алғанда бұл үйлерде 1 бөлмелі - 96 пәтер, 2 бөлмелі – 96, 3 бөлмелі – 144 пәтер бар. Аталған үйлер пәтер кезегінде тұрған азаматтарға арендалық негізде беріледі.

Қала әкімі тиісті сала басшысына мердігерлердің жұмысты сапалы орындауын бақылауды, кемшіліктер кетсе, дереу түзетуді тапсырды.

Руслан ЕРБОТА
Автордың басқа материалдары