Malim.kz
MALIMet

Қыркүйектің соңғы күнінде үсік пен жаңбыр күтіледі

• Алуа Әшірбекова
Фото: ЖИ арқылы жасалған

30 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Дегенмен бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі үсік күтіледі, деп Malim.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап хабарлайды. 

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанған. Түнде ауа температурасы +4…+6, күндіз +17…+19 градус болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с жетеді. 

Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +10…+12, күндіз +22…+24 градус жылы болады. Солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 3–8 м/с құрайды. 

Шымкентте түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +11…+13, күндіз +21…+23 градус болады. Солтүстік-шығыстан жел 8–13 м/с жылдамдықпен соғады. 

Ақмола облысында жауын-шашын болмайды. Түнде +2…+7 градус, солтүстігі мен шығысында 2 градус үсік күтіледі. Күндіз +17…+22 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, күндіз батысында, оңтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с жетеді. Көкшетауда түнде +2…+4, күндіз +18…+20 градус болады, топырақ бетінде 2 градус үсік болжанған. 

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Түнгі температура +2…+7 градус, батысы мен солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Күндіз +17…+22 градус болады. Жел екпіні күндіз батысы мен оңтүстігінде 15–20 м/с жетеді. Петропавлда түнде +3…+5, күндіз +19…+21 градус, топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. 

Қостанай облысында жауын-шашын болмайды, батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде +1…+6 градус, солтүстігінде 2 градус үсік болжанған. Күндіз +17…+22, оңтүстігінде +25 градусқа дейін жылынады. Желдің жылдамдығы 7–12 м/с, оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады. Қостанайда түнде +2…+4, күндіз +18…+20 градус күтіледі. 

Павлодар облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанған. Батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Түнде 0…+5 градус, солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында 3 градус үсік күтіледі. Күндіз +15…+20 градус болады. Жел күндіз батысы мен оңтүстігінде 15–20 м/с дейін күшейеді. Павлодарда түнде +2…+4, күндіз +18…+20 градус болады. 

Қарағанды облысында түнде оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауады, күндіз жауын-шашын күтілмейді. Түнде +1…+6, оңтүстігінде +9 градус, солтүстігі мен шығысында 2 градус үсік болады. Күндіз +18…+23, шығысында +15 градус болжанған. Жел екпіні солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде 15–20 м/с жетеді. Қарағандыда түнде +2…+4, күндіз +19…+21 градус, топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. 

Ұлытау облысында оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +5…+10, күндіз +15…+20, оңтүстігінде +23 градус болады. Жел екпіні батысы, оңтүстігі мен шығысында 15–20 м/с жетеді. Жезқазғанда жауын-шашынсыз, түнде +8…+10, күндіз +18…+20 градус болады. 

Абай облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде +1…+6 градус, батысы мен орталығында 3 градус үсік болжанған. Күндіз +15…+20, оңтүстігінде +25 градусқа дейін жылынады. Жел екпіні солтүстігі мен оңтүстік-батысында 15–20 м/с болады. Семейде түнде +2…+4, күндіз +18…+20 градус күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын болмайды, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде +1…+6 градус, солтүстігі, шығысы мен таулы аудандарында 4 градус үсік күтіледі. Күндіз +15…+20, оңтүстігінде +23, таулы аудандарында +12 градус болады. Жел екпіні оңтүстігінде 15–20 м/с жетеді. Өскеменде түнде 1–3 градус үсік, тұман, күндіз +17…+19 градус жылы ауа райы болжанған. 

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +1…+6, батысы мен оңтүстігінде +10 градус, солтүстігінде температура −2 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +17…+22 градус болады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с құрайды. Ақтөбеде түнде +2…+4, күндіз +18…+20 градус болжанған. 

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Түнде +3…+8, оңтүстігі мен батысында +11, күндіз +19…+24 градус болады. Жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады. Оралда түнде +3…+5, күндіз +19…+21 градус, түнде және таңертең тұман болжанған. 

Атырау облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +8…+13, күндіз +20…+25 градус болады. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с құрайды. Атырауда түнде +8…+10, күндіз +23…+25 градус жылы болады. 

Маңғыстау облысында түнде батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жауын-шашын күтілмейді. Түнде +12…+17, шығысында +7, күндіз +22…+27 градус болады. Жел екпіні түнде солтүстік-батысында 15–20 м/с жетеді. Ақтауда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі, температура +13…+15 градус болады. Күндіз +24…+26 градусқа дейін жылынады. 

Қызылорда облысында солтүстігі мен орталығында аздаған жаңбыр жауып, найзағай және дауыл күтіледі. Түнде +8…+13, күндіз +20…+25 градус болады. Жел екпіні солтүстігі мен орталығында 15–20 м/с жетеді. Қызылорда қаласында жауын-шашынсыз, түнде +9…+11, күндіз +23…+25 градус болжанған. 

Түркістан облысында солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Түнде +9…+14, таулы аудандарында +6 градус болады. Күндіз +21…+26, тауда +18 градус болжанған. Жел екпіні батысы, солтүстігі, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15–20 м/с жетеді. 

Жамбыл облысында түнде жауын-шашын болмайды, таулы аудандарында тұман түседі. Күндіз батысы, оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +8…+13, тауда +4, күндіз +21…+26, тауда +17 градус болады. Жел солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында 15–20 м/с дейін күшейеді. Таразда түнде +10…+12, күндіз +21…+23 градус, күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. 

Алматы облысында солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аудандарында түнде жаңбыр мен жылбысқы қар, күндіз жаңбыр күтіледі. Түнде +7…+12, тауда −2…+3 градус болады. Күндіз +20…+25, таулы аудандарында +10…+15 градус болжанған. Жел екпіні батысы, оңтүстігі, шығысы мен таулы аудандарында 15–20 м/с жетеді. 

Жетісу облысында оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +7…+12, орталығы мен таулы аудандарында −3…+2 градус болады. Күндіз +20…+25, тауда +17 градус күтіледі. Жел екпіні шығысында 15–20 м/с жетеді. Талдықорғанда жауын-шашынсыз, түнде 0…+2, күндіз +23…+25 градус болады.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары