Қытайдың мемлекеттік Sinopec компаниясы шілде-қыркүйек айларына Ресейдің Шығыс Сібір-Тынық мұхиты (ESPO) мұнайының 30-40 партиясын сатып алды. Reuters дерегінше, бұл тәулігіне шамамен 241-320 мың баррельге тең.
Сатып алудың артуы Таяу Шығыстан мұнай жеткізілімдерінің қысқаруымен тұспа-тұс келді. Sinopec-тің Сауд Арабиясынан сатып алған мұнайы наурыз-сәуірдегі шамамен 20 млн баррельден тамызда 2 млн баррельге дейін азайған, деп хабарлайды Malim.kz.