Malim.kz
Саясат

Қытай төрағасы Си Цзиньпин Астанаға келді

Malim Админ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қытай көшбасшысы мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді. 

Елордада «Орталық Азия – Қытай» екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр.

Фото: Ақорда  

Malim Админ
Автордың басқа материалдары