Malim.kz
Саясат

Қытайда Владимир Путин мен Си Цзиньпин кездесті

Сабина Асқарқызы
Ашық дереккөзден

Бейжіңде Владимир Путин мен Си Цзиньпиннің кездесуі басталды. Келіссөздердің ашық бөлігінде екі ел басшысы 2001 жылдан бері қолданыстағы екіжақты тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарттың мерзімін ұзарту туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Кездесу барысында Путин Си Цзиньпинді 2027 жылы Мәскеуге сапармен келуге шақырғаны айтылды. 

Экономикалық мәселелер тар құрамдағы келіссөздерде талқыланады. Ресей тарапынан бұл кездесуге қаржы министрі Антон Силуанов, Ресей Орталық банкінің басшысы Эльвира Набиуллина, Газпром басшысы Алексей Миллер және Роснефть жетекшісі Игорь Сечин қатысып отыр.

Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі энергетика саласындағы әріптестік болмақ. Ресей Қытайға энергия тасымалын ұлғайтуды көздейді. Бұл бағытта көптен бері талқыланып келе жатқан Сібір күші-2 жобасының да рөлі маңызды болуы мүмкін. Аталған газ құбыры Моңғолия аумағы арқылы өтеді деп жоспарланған.

Путиннің Қытайға екі күндік сапары қорытындысында шамамен 40 құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Сонымен қатар, немістің Die Welt басылымы Ресей президентінің сапары Қытай мемлекеттік медиасында ерекше жылы сипаттағы жарияланымдармен сүйемелденіп жатқанын жазды.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары