Malim.kz
Шоу-бизнес

Қытайлық жанкүйерлер Димаштың туған күніне ерекше сый жасады

Сабина Асқарқызы
Instagram/voicebeyondhorizon

Димаш Құдайбергеннің қытайлық жанкүйерлері әншінің алдағы туған күніне орай ерекше сый жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Олар өнерпаздың гуманитарлық бастамаларын қолдау мақсатында Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) қорына 2 мың доллардан астам қайырымдылық көмек аударған.

Бұдан бөлек, Қытайдағы жанкүйерлер Димаштың 32 жасқа толуына орай Шанхайдағы қаңғыбас мысықтар мен иттерге арналған RHR Shanghai Adoption Home паналау орталығына 26 760 юань (шамамен 3950 доллар) көлемінде қаржылай көмек көрсеткен.

Биыл 24 мамырда Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 32 жасқа толады.

RHR Shanghai Adoption Home – Шанхай қаласында орналасқан коммерциялық емес ұйым. Ол қаңғыбас әрі қатыгездікке ұшыраған мысықтар мен иттерді құтқарумен айналысады. Ұйым 2012 жылы құрылған.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары