Malim.kz
Құқық

Қыз баланы әуежайда қалдырып кету оқиғасы: Air Astana 5 млн теңге төлейді

• Malim Админ

Air Astana 12 жастағы Зере ісі бойынша аппеляциядан ұтылды. Бұл туралы баланың адвокаты Данильхан Шағатаев мәлімдеді.


— Бүгін Air Astana-ның Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының шешіміне түсірген аппеляциялық шағымын қарау аяқталды. Тасымалдаушы моральдық шығынды 5 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге төмендетуді сұраған еді.

Алматы қалалық сотының сот алқасы шағымды қанағаттандырудан бас тартып, шешімді өз күшінде қалдырды. Бұл баланың анасы алғашқы сот үкім еткендей 5 млн теңге моральдық шығын алады деген сөз, - делінген аввокаттың Telegram арнасындағы хабарламасында.

Қорғаушы осы бір даулы істің нүктесі қойылып, онда жеңіп шыққандарына қуанышты екенін жеткізген.

— Сот қаулысы заңды күшіне енді. Бұл кейс алдағы уақытта жақсы үлгі болатыны сөзсіз, - деп түйген сөзін Данильхан Шағатаев.

Еске сала кетейік, былтыр шілде айында FlyArystan әуе компаниясы ата-анасы сеніп тапсырған тұлғамен бірге Нью-Йорк қаласынан ұшып келіп, артынша Оралға ұшуы тиіс қыз баланы Астана әуежайында қалдырып кеткенін жазған болатынбыз.

Фото: Freepik.com

Malim Админ
Автордың басқа материалдары