Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің кішкентай қызбен билеген видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Malim.kz, Sn.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі әріптесі Расул Усмановтың кішкентай қызы Сафиямен концерт алдында сахна сыртында билеген. Әсерлі сәтті Расул Усманов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Концерттің алдында Сафия Димаш ағасымен», - деп жазды ол.
Желі қолданушылары Димаштың балаға деген жылы қарым-қатынасына сүйсініп, түрлі пікір қалдырды.
«Сен де бір күні өз қызыңды осылай құшақтап, сүйіп жүр», «Тамаша», «Барлығы Сафияның орнында болғысы келеді», «Димаш балажан», «Қандай кереметсің, балажан Димаш», «Қызды қашанғы жасырып жүресіз?», «Қыз ары-бері тыпыршып жүр», «Сафия ұялып қалды», «Ең күшті видео», - деп жазды көпшілік.