Қызылордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және «Мың бала» жобасына орай өңірде алғаш рет «Ассамблея аруы – 2025» облыстық сұлулық байқауы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — этнос жастары арасындағы бірлікті күшейту, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және ұлттық мәдениетті кеңінен насихаттау.
Байқауға 17–27 жас аралығындағы сегіз қатысушы қатысып, таныстыру, білім мен парасат, ұлттық киімдер дефилесі және шығармашылық өнер кезеңдері бойынша бағын сынады.
Қорытынды нәтижесінде Бас жүлдені Сырдария ауданынан келген славян этносының өкілі Лидия Мясцова иеленді. І орын — Байқоңыр қаласындағы әзірбайжан этносының өкілі Сабина Мурадоваға, ІІ орын — Қызылорда қаласының өзбек этносының өкілі Гульбахор Искаковаға, ал ІІІ орын — тәжік этносының өкілі Нұржайна Джурабаеваға бұйырды.
Байқау қатысушыларына арнайы номинациялар мен сыйлықтар табысталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба этнос жастары арасындағы мәдени байланыстарды нығайтып, мемлекеттік тіл мен ұлттық құндылықтарды жаңа форматта дәріптеудің тиімді құралына айналды.