Malim.kz
Құқық

Қызылорда мен Қостанай облыстарында игерілмеген жерлер мемлекетке қайтарылды

Айбын Атабай
Pexels

Бұрнағы уақытта заңсыз жағдайда әлдекімдер иеленіп кеткен жерлер мемлекетке қайтарылуда. Қызылорда облысында үстіміздегі жылы 6 ай ішінде жер саласындағы 9 қадағалау актісі әзірленген.

Істің нәтижесіне келсек, 16 қызметкер жазаға тартылып отыр.  Айталық, облыстың прокуроры Р.Ожаровтың пікірінше, елу үш жер учаскесі мемлекет балансына өткізілді. Оның кадастрлық бағасы 640 миллион теңгеге жуықтайды. Сондай-ақ 170-тен астам жер учаскесі кәдеге аспаған. Бұл аумақтар кәсіпкерлік тұрғыда игерілуге тиіс-тін.

Акт енгізілгеннен соң 1,4 миллиард теңге бюджет қазынасын толықтырды. 

6 су айдыны мемлекет меншігіне өткен.  Бағасы 2,8 млн теңге.   Прокуратура уран өндеу зауыттарына да тексеріс жүргізіпті. Соның нәтижесінде 5 жарым миллиард теңге мөлшерінде айыппұл салынған.  

Мұндай сипаттағы келеңсіздік жағдайлары Қостанай облысында да тіркелген.  Облыс прокуратурасының хабарлауынша, Меңдіқара ауданының екі бірдей ауылдық округтеріндегі  жайылымдық мақсаттағы аймақтар берілген.  Қос кәсіпорынның оларды игермегені айқындалды.

Аталған учаскелерде түліктер өсірілмеген. Бұл ҚР «Жайылымдар туралы» және Жер кодексінің талаптарын өрескел бұзу, — деп көрсетілген хабарламада.

Прокурорлық тексеріс аяқталғаннан кейін аумақтардың жалға алу ережелері сақталмағаны белгілі болды. Жалпы ауданы 175 га болатын жайылымдық өңірлер мемлекет балансына берілді. Тиісті органдар алдағы уақытта да тексеру жүргізіп, қолданылмаған аймақтарды қайтарумен айналысады. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары