Қызылорда облысының әкімі болып Мұрат Ергешбаев тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.
ЕҢБЕК ӨТІЛІ:
1989-1990 жылдары – совхоз экономисі.
1990-1993 жылдары – Сырдария агроөнеркәсіп бірлестігінің жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы.
1993-1996 жылдары – «Alem Bank Kazakhstan» АҚ Қызылорда облыстық басқармасында маман, несие бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары.
1996-1998 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің орынбасарының кеңесшісі.
1998-2001 жылдары – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры.
2002-2004 жылдары – Қызылорда облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары.
2004-2006 жылдары – Қызылорда қаласы әкімдігі аппараты қаржы бөлімінің бастығы.
2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт сөндіруші» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті.
2008 жылғы маусымнан 2010 жылғы маусымға дейін – Қызылорда қаласының әкімі.
2010 жылғы маусымнан 2011 жылғы мамырға дейін – Қызылорда облыстық қаржы басқармасының бастығы.
2011 жылғы мамырдан 2013 жылғы ақпанға дейін – Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі.
2013 жылғы ақпаннан 2015 жылғы наурызға дейін – Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі.
2015 жылғы наурыздан 2017 жылғы маусымға дейін – «ҚазАгроӨнім» АҚ аппарат басшысының басқарушы директоры.
2017 жылғы маусымнан 2017 жылғы қазанға дейін – Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.
2017 жылғы қазаннан 2021 жылғы мамырға дейін – Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі.
2021 жылғы мамырдан 2023 жылғы 28 наурызына дейін – Қызылорда облысы Сырдария ауданының әкімі.
2023 жылғы 28 наурыздан бастап – «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Білімі:
Алматы халық шаруашылығы институты – экономист.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі – мемлекеттік қызмет менеджері.
Қазірге дейін облысты Нұрлыбек Нәлібаев атқарды. Ол 2022 жылдан бастап аймаққа басшылық етті.