Қызының үйлену тойына 15 мың фунт жұмсаған әйел кейін оның күйеуіне тұрмысқа шыққан. Алғашқы некесі небәрі сегіз аптаға созылған келіншек бұл оқиғаның отбасына қалай әсер еткенін айтып берген, деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Pulse басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
2020 жылы жарияланған әңгімеге қарағанда, бойжеткен 19 жасында тұрмысқа шыққан. Анасы той шығынын көтеріп, қызының қуанышына барынша атсалысқан. Оған риза болған жас жұбайлар бал айына анасын да ертіп алыпты.
Келіншек бастапқыда күйеуі мен анасының жақсы араласқанына қуанған. Екеуінің әзілдесіп, күліп отырғанынан күдіктенбеген.
Алайда тойдан кейін күйеуінің мінезі өзгере бастаған. Әйелінің айтуынша, ол үйден ұзақ уақытқа кететінді шығарған, телефонын да көрсетпейтін болған. Кейін келіншектің бауыры анасының телефонынан күйеу баласымен жазысқан хабарламаларын көргенін айтқан.
Қызы мән-жайды сұрағанда, анасы араларында ештеңе жоқ екенін жеткізген. Ал күйеуі телефонын көрсетуден бас тартқан. Көп ұзамай ер адам неке жүзігін шешіп, әйелі мен кішкентай қызын тастап кеткен.
Кейін келіншек күйеуінің өз анасымен бірге тұрып жатқанын естіген. 2005 жылы анасы сол ер адамнан бала сүйген. Ал 2009 жылы екеуі үйленген.
Оқиғаның тағы бір тосын тұсы – қызы анасының тойына барған. Ол мұны ортақ баласының қамы үшін жасағанын түсіндірген. Өзінің алғашқы тойы мен анасының кейінгі тойының арасы тура бес жыл бір күн болған екен.
Келіншек анасының кейін кешірім сұрап, араларын түзетуге тырысқанын айтқан. Дегенмен бұрынғыдай сенім қалмағанын жасырмаған. Ал анасы басылымға берген жауабында қызының некесі кезінде күйеу баласымен көңіл қоспағанын мәлімдеген.
Бұл оқиға Ұлыбританияда болған.