Malim.kz
MALIMet

Рамазан айына қанша күн қалды?

• Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Қазақстанда 2027 жылғы Рамазан айы 8 ақпанда басталады. Бүгін, 2026 жылғы 26 қазандағы есеп бойынша, қасиетті айға 105 күн қалды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен діни күндер кестесінде көрсетілген, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚМДБ жариялаған кестеге сәйкес, оразаның алғашқы күні 2027 жылғы 8 ақпанға сәйкес келеді. Ал 9 наурызда Ораза айт мерекесі аталып өтеді. Осыған сай, оразаның соңғы күні – 8 наурыз, яғни Рамазан айында 29 күн ораза ұсталады.

Қасиетті айдың маңызды түндерінің бірі – Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.

Мүфтият діни күндер хижри айлардың басталуына қарай белгіленгенін ескертеді. Айдың көрінуіне байланысты аталған күндер бір күнге ілгері не кейін жылжуы мүмкін. Сондықтан Рамазан жақындағанда ҚМДБ-ның ресми хабарламаларын назарда ұстаған жөн.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары